Құрылғыны тарату нүктелері тізімінен алып тастау

Құрылғыны тарату нүктелері тізімінен алып тастау үшін:

  1. Консоль ағашынан Басқару сервері түйінін таңдаңыз.
  2. Басқару серверінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  3. Басқару серверінің сипаттары терезесінде, Тарату нүктелері бөлімінде тарату нүктесінің функцияларын орындайтын құрылғыны таңдап, Жою түймесін басыңыз.

Соның нәтижесінде, құрылғы тарату нүктелері тізімінен алынып, тарату нүктесінің функцияларын орындауды доғарады.

Құрылғыны Басқару сервері автоматты түрде тағайындаған болса, оны тарату нүктелері тізімінен жоюға болмайды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Басына оралу